ШАХОВСКОЕ АУЫЛЫНДА ӨРТ ҚАУІПСІЗДІГІ БОЙЫНША ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ ІС-ШАРА ӨТТІ

ШАХОВСКОЕ АУЫЛЫНДА ӨРТ ҚАУІПСІЗДІГІ БОЙЫНША ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ ІС-ШАРА ӨТТІ

2026 жылғы 24 қарашада Қызылжар ауданының төтенше жағдайлар бөлімі қызметкерлері Прибрежный ауылдық округі әкімінің аппараты өкілдерімен бірлесіп, Шаховское ауылында профилактикалық рейд жүргізді.

Іс-шара барысында әлеуметтік осал топтағы тұрғындардың үйлерін аралап, көміртегі тотығын анықтайтын датчиктердің жарамдылығы, пештердің жағдайы және пеш алдындағы металл төсемдердің болуы тексерілді. Датчиктердің батареяларын ауыстыруға көмек көрсетіліп, тұрғындарға түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

⚠️ Тұрғындарға мынадай қауіпсіздік талаптары ескертілді:
🔹 Жанып тұрған пештер мен электр жылыту құралдарын қараусыз қалдырмау;
🔹 Пешті жағу үшін тез тұтанатын сұйықтықтарды пайдаланбау;
🔹 Түтін мұржаларын күйеден уақтылы тазалау;
🔹 Бөлмелерді жылыту үшін газ плиталары мен қолдан жасалған электр жылытқыштарын пайдаланбау.

Өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтаңыздар! Өзіңізді және жақындарыңызды қорғаңыздар!

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/kzh-pribrezhniy/press/news/details/1335834?lang=kk