Құрылтайда жаңа Азаматтық кодексті әзірлеу жөніндегі Жұмыс тобының бірінші отырысы өтт

Құрылтайда жаңа Азаматтық кодексті әзірлеу жөніндегі Жұмыс тобының бірінші отырысы өтт

2026 жылдың 24 қарашасында Құрылтай Төрағасының орынбасары Нұрлан Бекназаровтың төрағалығымен Қазақстан Республикасының жаңа Азаматтық кодексін әзірлеу жөніндегі Жұмыс тобының бірінші отырысы өтті. Отырыс жұмысына Әділет министрі, Жұмыс тобы жетекшісінің орынбасары Ерлан Сәрсембаев қатысты.
Жұмыс тобы Мемлекет басшысының 2026 жылғы 28 қазандағы Қазақстан халқына Жолдауын орындау мақсатында құрылды. Оның құрамына Құрылтай депутаттары, мемлекеттік органдардың, ғылыми және сарапшылық қоғамдастықтың өкілдері кіреді.
Отырыс қатысушылары жаңа кодексті әзірлеудің мақсаттарын, міндеттерін және негізгі бағыттарын талқылады. Әділет министрі жұмыс практикада сыналған нормалардың сабақтастығына негізделетінін, ал жаңа кодекстің назарында адам және оның құқықтары болатынын атап өтті. Негізгі бағдарлар қатарында – меншіктің барлық нысандарының теңдігі, шарт еркіндігі, азаматтық айналым қатысушыларының адалдығы, сондай-ақ цифрлық экономиканың дамуы.
Алдағы отырыстарда қатысушылар жаңа кодекске қатысты тұжырымдамалық тәсілдерді талқылайды. Кодекс кезең-кезеңімен, ғылыми және сарапшылық қоғамдастық алаңдарында кеңінен талқылана отырып әзірленеді.
Қазақстан Республикасының жаңа Азаматтық кодексін әзірлеу процесінің ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің ресми интернет-ресурсында «ҚР Азаматтық кодексінің жобасы» арнайы бөлімі ашылды. Сонымен қатар, кері байланыс орнату мақсатында civil.code@adilet.gov.kz электрондық поштасы құрылды. Барлық мүдделі тұлғалар аталған электрондық пошта арқылы Кодекс жобасына қатысты өз ұсыныстары мен ескертулерін жолдай алады. 

 

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-akm/press/news/details/1335825?lang=kk