«Жолдау – ел дамуының жарқын бағдары, болашаққа бастар нық қадам!»

«Жолдау – ел дамуының жарқын бағдары, болашаққа бастар нық қадам!»

Мемлекет басшысының Қазақстан халқына арнаған Жолдауы – еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуының басым бағыттарын айқындайтын, халықтың әл-ауқатын арттыруға және мемлекетіміздің әлеуетін нығайтуға бағытталған маңызды стратегиялық құжат.
Жолдауда көтерілген цифрландыру, жасанды интеллектіні дамыту, экономиканы жаңғырту, жаңа жұмыс орындарын ашу, білім беру мен денсаулық сақтау сапасын арттыру секілді бастамалар – уақыт талабынан туындаған маңызды міндеттер. Бұл бағыттардың жүйелі жүзеге асуы еліміздің бәсекеге қабілеттілігін арттырып, жаңа мүмкіндіктерге жол ашады.
Ең бастысы, Жолдауда белгіленген міндеттер тек мемлекеттік органдардың ғана емес, бүкіл қоғамның ортақ жауапкершілігі болуы тиіс. Әрбір азамат өз ісіне адал болып, ел дамуына үлес қосқанда ғана нақты нәтижеге қол жеткіземіз.

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-shet-akshoky/press/news/details/1335820?lang=kk