Шет ауданында тұрғын үй мәселелері бойынша «Қызмет алушылар күні» өтті

Шет ауданында тұрғын үй мәселелері бойынша «Қызмет алушылар күні» өтті

2026 жылғы 20 қарашада «Шет ауданының тұрғын үй инспекция бөлімі» ММ-де тұрғындар үшін «Қызмет алушылар күні» консультативтік іс-шарасы өткізілді.

Іс-шара барысында тұрғындарға тұрғын үй мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, сұрақтарына жауаптар берілді. Сонымен қатар, туындаған мәселелерді шешу жолдары бойынша қажетті кеңестер мен ақпарат ұсынылды.

📌 Іс-шараның негізгі мақсаты – тұрғындарға сапалы кеңес беру, олардың өтініштері мен мәселелерін назарға алу және тұрғын үй саласындағы құқықтық сауаттылығын арттыру.

Белсенділік танытып, қатысқан тұрғындарға алғыс білдіреміз!

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/turgyn-ui-shet/press/news/details/1335815?lang=kk