Есіл ауданында кәсіпкерлерге BusinessGO цифрлық платформасы таныстырылды

Есіл ауданында кәсіпкерлерге BusinessGO цифрлық платформасы таныстырылды

Ақмола облысы Кәсіпкерлер палатасының Есіл аудандық филиалының алаңында кәсіпкерлік қоғамдастық өкілдерімен «Атамекен» Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасы әзірлеген бірыңғай BusinessGO цифрлық платформасының артықшылықтарын түсіндіруге арналған кездесу өтті.

Кездесу барысында кәсіпкерлерге платформаның негізгі бағыттары, функционалдық мүмкіндіктері және шағын және орта бизнес субъектілері үшін практикалық тиімділігі таныстырылды.

BusinessGO — бизнесті автоматтандыру мен басқаруға арналған құралдарды біріктіретін бірыңғай цифрлық экожүйе.

Атап айтқанда, платформа кәсіпкерлерге келесі мүмкіндіктерді ұсынады:

🔹 онлайн-кассаны және фискалдық деректер операторының (ФДО) қызметтерін пайдалану;

🔹 тауар есебін жүргізу, тауар қалдықтары мен сатылымдарды бақылау;

🔹 маркетингтік құралдарды, бонустық бағдарламалар мен сатып алушыларға арналған адалдық жүйелерін енгізу;

🔹 қызмет көрсеткіштерін талдау және бизнес-процестерді оңтайландыру;

🔹 кәсіпкерлік қызметтің әртүрлі бағыттарына арналған қосымша цифрлық сервистерді пайдалану.

Кездесу барысында қосылу шарттарына, қызметтердің құнына, сондай-ақ нақты бизнестің қажеттіліктеріне қарай жекелеген құралдарды таңдау мүмкіндігіне ерекше назар аударылды.

Кездесуге қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, қажетті түсіндірмелер алды.

Заманауи цифрлық шешімдерді енгізу күнделікті қайталанатын операцияларды азайтуға, шығындарды оңтайландыруға, басқару тиімділігі мен бизнестің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға ықпал етеді.

Кәсіпкерлер палатасы кәсіпкерлердің цифрлық сауаттылығын арттыруға және бизнестің дамуына арналған заманауи құралдарға қолжетімділігін кеңейтуге бағытталған ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын тұрақты негізде жүргізеді.

#АқмолаОблысыКәсіпкерлерПалатасы

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-esil/press/news/details/1335814?lang=kk