Автокөлік жолдарында қоғамдық тәртіп пен жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етіп келе жатқан жол полициясы қызметінің құрылғанына 90 жыл толуына орай мерекелік іс-шара өтті.
Жиынға Атырау облысы полиция департаменті бастығының орынбасары, полиция полковнигі Ерлан Бигамбаев, департаменттің жеке құрамы, ішкі істер органдарының ардагерлері және «жас сақшы» полиция сыныбының оқушылары қатысты.
Іс-шара барысында жол полициясының қалыптасу тарихы мен қызметтік дәстүрлері еске алынып, салада ұзақ жылдар бойы еңбек еткен бірқатар ардагер марапатталды. Сондай-ақ аға буын өкілдеріне құрмет көрсетіліп, олардың ішкі істер органдарының дамуына қосқан үлесі атап өтілді.