ЭКОНОМИКАНЫҢ НАҚТЫ СЕКТОРЫ
Өнеркәсіп өнімдерін өндіру көлемі – 3 664,7 млрд. теңге.
Нақты көлем индексі – 2025 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 108,2%.
Ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 479,5 млрд. теңгені құрады.
Нақты көлем индексі – 2025 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 108,5%.
оның ішінде: мал шаруашылығы – 180,8 млрд теңге (НКИ – 101,3%), өсімдік шаруашылығы – 296,1 млрд теңге (НКИ – 112,7%).
Ет өндіру (тірі салмақта) – 85,6 мың тонна (102,7%), сүт – 216,1 мың тонна (98,0%), жұмыртқа – 171,2 млн. дана (104,0%).
Құрылыс жұмыстарының көлемі 492,5 млрд. теңгені құрады.
Нақты көлем индексі – 2025 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 123,8%.
Барлық қаржыландыру көздері есебінен 311,0 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Өсу қарқыны 2025 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 101,7% құрады.
Негізгі капиталға салынған инвестициялар 1 262,5 млрд. теңгені құрады.
Нақты көлем индексі – 2025 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 113,4%.
Қаржыландыру көздері: бюджет қаражаты – 67,7 млрд. теңге (5,3%), кәсіпорындардың меншікті қаражаты – 1 047,4 млрд. теңге (83,0%), банк кредиттері – 36,0 млрд. теңге (2,9%), басқа да қарыз қаражаттары – 111,3 млрд. теңге (8,8%).
Шағын және орта кәсіпкерлік саласындағы жұмыс істеп тұрған субъектілердің саны 54,3 мың бірлікті құрады немесе 2025 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 94,9%.
2026 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша ШОК өндірген өнім, тауарлар мен көрсетілген қызметтер көлемі 1 020,4 млрд теңгені (100,4%), жұмыспен қамтылғандар саны 126,5 мың адамды (92,2%) құрады.
Сыртқы сауда айналымы 2026 жылғы қаңтар-қыркүйек айларында (ЕЭО-ны қоса алғанда) 4 417,0 млн. АҚШ долларын құрады немесе 2025 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 112,9%.
Оның ішінде тауарлар экспорты – 3 357,3 млн. АҚШ доллары (18,4%-ға өсу), импорт – 1 059,8 млн. АҚШ доллары (1,4%-ға төмендеу). Сыртқы сауда айналымының оң сальдосы – 2 297,5 млн. АҚШ доллары.
2026 жылғы қаңтар-қазан айларында облыс көлігімен жүк тасымалдау көлемі 61,0 млн. тоннаны (96,8%) құрады, жүк айналымы – 23,9 млрд. ткм (86,7%), жолаушылар айналымы 3,0%-ға төмендеді.
Байланыс қызметтерінен түскен кіріс 2026 жылғы қаңтар-қазан айларында 16 845,4 млн. теңгені құрады (2025 жылғы қаңтар-қазан айларымен салыстырғанда 97,0%).
Тұтыну бағаларының индексі 2026 жылғы қазан айында 2025 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 105,4%-ды құрады, оның ішінде азық-түлік тауарлары бойынша – 103,9%, азық-түлікке жатпайтын тауарлар бойынша – 107,4%, ақылы қызметтер бойынша – 105,1%.
2026 жылғы қаңтар-қазан айларында мемлекеттік бюджетке 846,6 млрд. теңге салықтар мен басқа да міндетті төлемдер түсті немесе жоспардың 71,4%-ын құрады. Оның ішінде республикалық бюджетке 433,4 млрд. теңге (кезең жоспарының 77%-ы), жергілікті бюджетке 413,2 млрд. теңге (кезең жоспарының 66,3%-ы) түсті.
ӘЛЕУМЕТТІК САЛА
2026 жылғы 3-тоқсандағы жұмыссыздық деңгейі 4,9%-ды құрады.
2026 жылғы қаңтар-маусым айларындағы орташа айлық атаулы жалақы 449,6 мың теңгені құрады, бұл 2025 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 10,8%-ға жоғары.
Әлеуметтік салаға 358,1 млрд. теңге бөлінді (облыс бюджетінің 50,2%-ы), оның ішінде білім беруге – 240,7 млрд. теңге, денсаулық сақтауға – 19,4 млрд. теңге.
1 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамту деңгейі 85,6%, ал 3 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды қамту деңгейі 100%-ды құрайды.