Көлік инфрақұрылымы нысандарының терроризмге қарсы қауіпсіздік деңгейін арттыру мақсатында әуежай мен теміржол вокзалы аумағында командалық-штабтық жаттығулар өткізілді.
Іс-шараға әуежай мен «Астана-1» және «Нұрлы Жол» теміржол вокзалдарының тиісті қызметтерінің өкілдері, сондай-ақ, көліктегі полиция қызметкерлері қатысты.
Оқу-жаттығу барысында тартылған қызметтердің өзара іс-қимылы мен әрекеттерін үйлестіру, террористік қауіп-қатерлерге уақтылы ден қою, сондай-ақ төтенше жағдайлар туындаған кездегі іс-қимыл алгоритмдері пысықталды.
Жаттығу қорытындысы бойынша қатысушылардың әрекеттеріне талдау жүргізіліп, ведомствоаралық өзара іс-қимылды одан әрі жетілдіру және көлік инфрақұрылымы нысандарының қауіпсіздік деңгейін арттыру бағыттары айқындалды.
Астаналық терроризмге қарсы жедел штабы