Қостанай қаласында Промышленная көшесінде орналасқан жаңа INVICTUS GO фитнес-орталығы ашылды.
Жалпы аумағы шамамен 3 мың шаршы метрді құрайтын заманауи спорт кешені Италияда өндірілген кәсіби жабдықтармен қамтамасыз етілген. Орталық бір мезгілде 200 адамға дейін қабылдай алады. Жобаны іске асыру аясында 30 тұрақты жұмыс орны құрылды.
Спорт инфрақұрылымын дамыту – қала әкімдігі жұмысының басым бағыттарының бірі. Бүгінде Қостанайда 472 спорт нысаны бар. Соңғы төрт жылда олардың саны 69 нысанға артты. Бұқаралық спортпен айналысуға қолайлы жағдай жасауға, балалар мен жасөспірімдер спортын дамытуға, сондай-ақ кәсіби спортшыларды қолдауға ерекше көңіл бөлінуде.
Сонымен қатар Триатлон паркі маңында INVICTUS GO желісінің екінші фитнес-орталығының құрылысы жалғасуда.
Жаңа спорт нысандарының ашылуы тұрғындардың дене шынықтырумен және спортпен жүйелі түрде айналысуына, салауатты өмір салтын қалыптастыруға және өмір сапасын арттыруға ықпал етеді.