Ұлытау облысында жыл басынан бері дрифт жасаған 14 жүргізуші жауапкершілікке тартылды

Ұлытау облысында жыл басынан бері дрифт жасаған 14 жүргізуші жауапкершілікке тартылды

Ұлытау облысында жыл басынан бері полиция қызметкерлері автокөлікті әдейі сырғанатудың (дрифт жасаудың) 14 дерегін анықтады. Барлық жүргізуші жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Ұлытау облысы әкімдігінің ресми сайты облыстық Полиция департаментіне сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, мұндай құқық бұзушылықтарға көбіне жас жүргізушілер, соның ішінде үйлену тойының автокеруеніне қатысушылар мен мерекелік іс-шаралар кезінде көлік тізгіндегендер жол береді.

Полиция қызметкерлері 14 жүргізушінің әрқайсысымен профилактикалық әңгіме жүргізді. Оларға жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтау және жол-көлік оқиғасына әкеп соғуы мүмкін әрекеттерге жол бермеу қажеттігі түсіндірілді.

Полиция департаментінің мәліметінше, жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзу деректерінің жолын кесу мақсатында рейдтер мен профилактикалық шаралар тұрақты түрде өткізіледі.

Полиция қызметкерлері жалпыға ортақ пайдаланылатын жолдарда қауіпті маневр жасау жүргізушілердің, жол қозғалысының өзге де қатысушылары мен жаяу жүргіншілердің өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретінін ескертеді.

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/ulytau/press/news/details/1335797?lang=kk