Кербұлақ ауданы әкімінің орынбасары Жолжанов Дәурен Бақтұрұлы Жайнақ батыр ауылдық округінің тұрғындарымен кездесу өткізді.
Кездесу барысында ауыл тұрғындары өздерін толғандырған мәселелерді көтеріп, ұсыныс-пікірлерін білдірді. Жиында ауылдық округтің әлеуметтік-экономикалық дамуы, елді мекендердің инфрақұрылымы, тұрғындардың тұрмыс жағдайын жақсарту және ауылдағы өзекті мәселелер талқыланды.
Тұрғындар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беріліп, көтерілген мәселелер бойынша тиісті түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, халықпен ашық диалог орнату, тұрғындардың өтініштері мен ұсыныстарын назарға алу және оларды шешу жолдарын қарастырудың маңыздылығы атап өтілді.
Мұндай кездесулер халық пен жергілікті атқарушы органдар арасындағы байланысты нығайтып, ауыл тұрғындарының мәселелерін тыңдап, шешу жолдарын бірлесе қарастыруға мүмкіндік береді.