Қостанай облысы бойынша ҚАЖ департаментінде ынтымақтастықты нығайту және өзара іс-қимылды дамытуға үлес қосқан азаматтарды марапаттау рәсімі өтті.
Тиімді өзара іс-қимылды қамтамасыз етуге және ынтымақтастықты дамытуға қосқан үлесі үшін Ішкі істер министрінің орынбасары – ҚАЖ комитеті төрағасының Алғыс хаттарымен «Марал ишан» мешітінің бас имамы Сабыржан Есмурзин мен «AQNIET» ҚҚ ӨӨО өкілдігінің басшысы Саян Қосжан марапатталды.
Сонымен қатар, көпжылдық қолдауы мен жемісті ынтымақтастығы үшін облыс әкімдігінің Дін істері басқармасының басшысы Бүркіт Бөкеевке «Қостанай облысы бойынша ҚАЖ департаменті: тарих беттері» атты кітап табысталды.