«Ашық есік күні»: Зейнетақы жинақтарыңыз – мүмкіндіктер көп, таңдау мол

«Ашық есік күні»: Зейнетақы жинақтарыңыз – мүмкіндіктер көп, таңдау мол

«Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ (БЖЗҚ, Қор) 2026 жылғы 2 желтоқсанға жоспарланып отырған «Ашық есік күні» онлайн-кездесуге шақырады. Кездесу тақырыбы: «Зейнетақы жинақтарыңыз – мүмкіндіктер көп, таңдау мол». Іс-шара барысында Қор мамандары зейнетақы заңнамасына енгізілген өзекті өзгерістер және зейнетақы жинақтарын басқару, оны пайдалану мүмкіндіктері туралы егжей-тегжейлі баяндап береді.

 

Мұнда Сіз:

·        зейнетақы заңнамасына азаматтардың зейнетақы активтерін басқаруға қатысу мүмкіндіктерін кеңейтуге байланысты қандай өзгерістер енгізілгенін;

·        салымшылардың зейнетақы жинақтарын басқаруға арналған қандай құралдары бар екенін;

·        басқарушы компания мен инвестициялық портфельді қалай таңдауға болатынын, сондай-ақ зейнетақы жинақтарын ИПБ-ның сенімгерлік басқаруына қалай беруге болатынын;

·        басқарушы компанияны таңдау кезінде салымшылар өз бетінше талдау жасауы үшін қандай ақпарат қолжетімді екенін;

·        зейнетақы активтерін қорғау үшін қандай тетіктер қарастырылғанын;

·        зейнетақы аннуитеті дегеніміз не, оны кімдер және қандай жағдайларда рәсімдей алатынын;

·        зейнетақы жинақтарын тұрғын үй жағдайын жақсарту және (немесе) емделу ақысын төлеу үшін пайдалануға қойылатын талаптар мен шарттар туралы толыққанды мәлімет ала аласыз.

 

Аумақтық бөлімшелердің жауапты мамандарынан жеке кеңеспен қатар Сізді қызықтыратын басқа да сауалдарыңызға жауап алуға мүмкіндігіңіз бар. 

«Ашық есік күні» 2026 жылдың 2 желтоқсаны күні сағат 15:00 де онлайн форматта өткізіледі. 

Іс-шараға қатысу үшін әр ниет білдірушіге кездесу басталатын уақытта сілтеме (https://us05web.zoom.us/j/6787811702?pwd=SmVDWTEwQnVpZU50VG1EVFFLQnNRQT09&omn=83830845926) бойынша өту қажет.

Одан кейін еvent-кеңес нөмірін (678 781 1702) және еvent-кеңестің құпиясөзін (1414)   енгізу талап етіледі.

 

«БЖЗҚ» АҚ өз салымшыларын (алушыларын) және барлық ниет білдірушілерді «Ашық есік күнінде» күтеді!

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek-pavlodar/press/news/details/1335779?lang=kk