📚 *ҰБТ бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді*

📚 *ҰБТ бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді*

Нұра ауданы білім беру ұйымдарында  бітіруші сынып оқушыларына арналған Ұлттық бірыңғай тестілеуге (ҰБТ) дайындық және оны өткізу тәртібі бойынша Нұра ауданының әдістемелік кабинет меңгерушісі Сейфуллина Д.С ақпараттық-түсіндіру жұмыстары ұйымдастырылды.

Күн тәртібінде:
- ҰБТ өткізу ережелері мен форматы;
- Тестілеуге тіркелу тәртібі;
- Пәндерді таңдау ерекшеліктері;
- Тестілеу кезіндегі уақытты тиімді пайдалану;
- Академиялық адалдық талаптары;
- Тестілеу нәтижелері мен апелляция тәртібі туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Сонымен қатар оқушыларға ҰБТ-ға жүйелі дайындалудың, уақытты дұрыс жоспарлаудың және өз білімдеріне сенімді болудың маңыздылығы айтылды.

🎯 *Басты мақсат – түлектерге ҰБТ-ға дайындық барысында бағыт-бағдар беріп, ақпараттық қолдау көрсету және жауапкершілігін арттыру.*

Барлық түлектерге сәттілік, жоғары нәтиже және таңдаған мамандықтарына түсуге тілектеспіз!

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/edu-nura/press/news/details/1335777?lang=kk