Болашақ судьяларға арналған қарқынды курс: Сот төрелігі академиясында референдиат курсының кезекті кезеңі өтті

Болашақ судьяларға арналған қарқынды курс: Сот төрелігі академиясында референдиат курсының кезекті кезеңі өтті

Болашақ судьяларға арналған қарқынды курс: Сот төрелігі академиясында референдиат курсының кезекті кезеңі өтті

Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесі жанындағы Сот төрелігі академиясында қылмыстық және қылмыстық іс жүргізу заңнамасы нормаларын қолданудың теориялық және практикалық аспектілеріне арналған референдиат курсының кезекті кезеңі ұйымдастырылды.

Бұл бастама Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің Төрағасы Дмитрий Малаховтың судья лауазымына кандидаттарды іріктеу және біліктілік емтиханына даярлау рәсімдерін жетілдіру жөніндегі жүйелі жұмысы шеңберінде іске асырылды.

Жаңартылған оқу курсы тыңдаушыларды біліктілік емтиханының негізгі кезеңдеріне, оның ішінде заңнаманы білуге арналған компьютерлік тестілеуден өтуге, жазбаша эссе жазуға және әңгімелесуден өтуге жан-жақты даярлауға бағытталған.

Білім беру үдерісіне Жоғары Сот Кеңесінің мүшелері, қызметтегі судьялар, Сот төрелігі академиясының профессор-оқытушылар құрамы және еліміздің жетекші құқықтанушылары қатарынан көптеген сарапшылар тартылды.

Сабақтар барысында қолданбалы кәсіби құзыреттерді қалыптастыруға, сондай-ақ әңгімелесуден өту технологиясы бойынша арнайы практикум аясында ситуациялық кейстерді талдауға ерекше назар аударылды.

Бағдарлама аяқталғаннан кейін қатысушыларға курстан өткені туралы сертификаттар табыс етілді.

Референдиат курстарының практикалық бағытын одан әрі күшейту сот жүйесінің кадрлық құрамының сапасын арттыруға және болашақ судьялардың жоғары кәсіби деңгейін қамтамасыз етуге ықпал етеді.

 

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/vss/press/news/details/1334757?lang=kk