«Заң мен тәртіп» идеологемасы аясында студенттермен «Таңдау мен жауапкершілік» тақырыбында форум-дискуссия өтті

«Заң мен тәртіп» идеологемасы аясында студенттермен «Таңдау мен жауапкершілік» тақырыбында форум-дискуссия өтті

«Тең дәрежеде сөйлесейік: таңдау мен жауапкершілік туралы»

 

20 қараша күні С. Мұқанов атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханада Солтүстік Қазақстан облысының Жастар ресурстық орталығы ұйымдастырған «Тең дәрежеде сөйлесейік: таңдау мен жауапкершілік туралы» атты форум-дискуссия өтті. Іс-шара республикалық «Заң мен тәртіп» идеологемасы аясында ұйымдастырылды.

 

Кездесуге Петропавл қаласының студенттері қатысты. Ашық диалог барысында құқықтық сауаттылық, заңнаманы сақтау, адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау, сондай-ақ жастар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу мәселелері талқыланды.

 

Іс-шараға құқық қорғау органдарының, Әділет департаментінің өкілдері және Конфессияаралық қатынастарды талдау және дамыту орталығының теологы қатысты.

 

Кездесу еркін пікір алмасу форматында өтіп, студенттерге өз ойларымен бөлісуге, заңнама және құқықтық қауіпсіздік саласындағы білімдерін кеңейтуге мүмкіндік берді.

 

Мұндай іс-шаралар жас ұрпақтың құқықтық мәдениетін, заңға құрметпен қарауын және жауапты азаматтық ұстанымын қалыптастыруға ықпал етеді.

 

Заң мен тәртіп әр адамның жеке таңдауынан және жауапкершілігінен басталады!

 

 

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-sko/press/news/details/1334754?lang=kk