Еңбек ұжымымен еңбек құқықтарын сақтау мәселелері бойынша кездесу өтті. Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың Алматы қаласы бойынша өкілдігі «№ 5 орта мектеп-интернаты» КММ-нің еңбек ұжымымен кездесу өткізді.

Еңбек ұжымымен еңбек құқықтарын сақтау мәселелері бойынша кездесу өтті.
Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың Алматы қаласы бойынша өкілдігі «№ 5 орта мектеп-интернаты» КММ-нің еңбек ұжымымен кездесу өткізді.
Кездесу барысында қызметкерлердің еңбек құқықтарын сақтау, олардың заңды мүдделерін қорғау, еңбек заңнамасының талаптарын орындау және қауіпсіз жұмыс жағдайын жасау мәселелері талқыланды.
Сонымен қатар жұмыскерлер мен жұмыс берушілердің құқықтары мен міндеттері, еңбек құқықтары бұзылған жағдайда қайда және қалай жүгіну керектігі түсіндірілді.
Кездесу қатысушылары өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, қажетті ақпараттар мен түсініктемелер алды.
Мұндай кездесулердің мақсаты – азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру, өз құқықтарын білуге және қорғауға үйрету, сондай-ақ жұмыс орнында адам құқықтарының сақталуына ықпал ету.

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/ombudsman-almaty/press/news/details/1334752?lang=kk