Арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерді ұсыну жүйесі

Арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерді ұсыну жүйесі

Арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерді алу құқығы

      Арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерге мұқтаж деп танылған адамдар (отбасылар) осы Кодексте көзделген тәртіппен және жағдайларда арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтер алуға құқылы.

Арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтердің түрлері

      1. Арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтер арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтердің кепілдік берілген көлемін және арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтердің кепілдік берілгеннен тыс көлемін қамтиды.

      2. Арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтердің кепілдік берілген көлемі уәкілетті мемлекеттік орган бекітетін арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтердің бірыңғай тізбесі болып табылады және арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерге мұқтаж деп танылған адамдарға (отбасыларға) бюджет қаражаты есебінен беріледі.

      3. Арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтердің кепілдік берілгеннен тыс көлемі облыстардың (республикалық маңызы бар қалалардың және астананың) жергілікті өкілді органдары бекіткен тізбе мен тәртіпке сәйкес арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметті алушының қаражаты есебінен беріледі.

      4. Арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтер білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау саласындағы тиісті уәкілетті органдар мен өзге де тиісті орталық атқарушы органдар бекітетін арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтер көрсету стандарттарына сәйкес болуға тиіс.

     Адамды (отбасын) арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерге мұқтаж деп танудың негіздері

      1. Адам (отбасы) мынадай негіздер:

      1) жетімдік;

      2) ата-ана қамқорлығының болмауы;

      3) кәмелетке толмағандардың қадағалаусыз қалуы, оның ішінде девиантты мінез-құлық;

      4) кәмелетке толмағандардың арнаулы білім беру ұйымдарында, ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымдарында болуы;

      5) туғаннан бастап үш жасқа дейінгі балалардың ерте психофизикалық даму мүмкіндіктерінің шектелуі;

      6) мүгедектік және (немесе) дене бітімі және (немесе) ақыл-ой мүмкіндіктеріне байланысты организм функцияларының тұрақты бұзылуы;

      7) әлеуметтік мәні бар аурулардың және айналадағыларға қауіп төндіретін аурулардың салдарынан тыныс-тіршілігінің шектелуі;

      8) жасының егде тартуына байланысты өзіне-өзі күтім жасай алмауы;

      9) әлеуметтік бейімсіздікке және әлеуметтік депривацияға алып келген қатыгездікпен қарау;

      10) баспанасыздық (белгілі бір тұрғылықты жері жоқ адамдар);

      11) бас бостандығынан айыру орындарынан босатылуы;

      12) пробация қызметінің есебінде болу бойынша арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерге мұқтаж деп танылады.

     Арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтер көрсететін субъектілер:

      1) Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы және мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс туралы заңнамасына сәйкес бюджет қаражаты есебінен көрсетілетін арнаулы әлеуметтік қызметтерге қажеттілікті бағалау және айқындау жөніндегі қызметтерді ұсынуға арналған конкурстарға, стратегиялық әріптестікті іске асыруға Қазақстан Республикасындағы үкіметтік емес ұйымдарға арналған мемлекеттік тапсырысқа, гранттарға және сыйлықақыларға қатысуға;

      2) арнаулы әлеуметтік қызметтердің кепілдік берілген және кепілдік берілгеннен тыс көлемін көрсетуге;

      3) арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерге қажеттілікті бағалау мен айқындауды жүзеге асыруға;

      4) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайлардан басқа, арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтердің көлемі мен түрлеріне бағалау жүргізу және оны айқындау үшін қажетті ақпаратты жергілікті атқарушы органдардан сұратуға және алуға құқылы.

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek-sko/press/news/details/1334747?lang=kk