Департаментте құқықтық мәдениет пен қауіпсіздік мәселелері бойынша оқыту семинары өтті

Департаментте құқықтық мәдениет пен қауіпсіздік мәселелері бойынша оқыту семинары өтті

Департамент басшысының орынбасары, Әдеп жөніндегі уәкілі Н.А. Сариеваның төрағалығымен Департамент пен аудандық басқармалар мамандарының қатысуымен құқықтық мәдениет, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, қызметтік әдеп және киберқауіпсіздік мәселелеріне арналған оқыту семинары өткізілді.

📚 Семинар барысында қатысушыларға киберқауіпсіздік, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың профилактикасы, мемлекеттік қызметтегі мүдделер қақтығысы, діни бірлестіктер қызметі және жоспардан тыс тексерістердің құқықтық негіздері бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Сонымен қатар, мемлекеттік қызметшілердің құқықтық білімін арттыру мақсатында «Заң мен тәртіп» тақырыбында құқықтық викторина ұйымдастырылды.

🤝 Семинар соңында қатысушылар өзара пікір алмасып, сұрақтарына жауап алды.

Іс-шараның басты мақсаты – мемлекеттік қызметшілердің құқықтық сауаттылығын арттыру, қызметтік әдеп нормаларын сақтау және құқық бұзушылықтардың алдын алу бағытындағы жұмыстарды күшейту.

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-zko/press/news/details/1334582?lang=kk