Шет ауданының Кеншоқы ауылында құсбегілік пен ұлттық спорт түрлерін дәріптеуге бағытталған «САЛБҰРЫН-2026» ашық турнирі және этномәдени фестивалі өтті

Шет ауданының Кеншоқы ауылында құсбегілік пен ұлттық спорт түрлерін дәріптеуге бағытталған «САЛБҰРЫН-2026» ашық турнирі және этномәдени фестивалі өтті

Іс-шара қазақ халқының дәстүрлі аңшылық өнері мен саятшылық мәдениетін насихаттауға, ұлттық спорт түрлерін дамытуға, жастардың ұлттық құндылықтарға қызығушылығын арттыруға бағытталды.

Салтанатты шара барысында Қарағанды облысы әкімінің орынбасары Ә. Әлденей құттықтау сөз сөйледі.

Жарыс бағдарламасында бүркіт, қаршыға және ителгі құстарының ұшу шеберлігі мен аңшылық қабілеті сарапқа салынды. Турнир қорытындысы бойынша
Бүркіт сайысында:
• 1-орын Жалғасұлы Серікболсын (Жамбыл облысы);
• ⁠2-орын Серікбекұлы Ерасыл (Астана);
• ⁠3-орын Уалихан Шыңғыс (Ақмола облысы) мен Бақтығали Ерік (Қарағанды облысы);

Қаршыға сайысында:
• 1-орын Баятбай Ермұхан (Алматы);
• 2-орын Жалғасұлы Серікболсын (Жамбыл облысы);
• 3-орынды Карипов Серік (Қарағанды облысы)

Ителгі сайысында:
• 1-орын Ерлан Кенжетаев (Астана);
• ⁠2-орын Темірәлі Төлегенұлы (Қарағанды облысы);
• ⁠3-орын Төлеген Ердаулет (Қарағанды облысы) еншіледі.

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-shet-nurataldy/press/news/details/1334573?lang=kk