«Өрт қауіпсіздігі онкүндігі» аясында Мойынқұм ауданында жылыту маусымындағы өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған профилактикалық іс-шара өткізілді.
Іс-шара барысында Мойынқұм ауданының төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері көпбалалы отбасылардың үйлерін аралап, жылыту пештерінің қауіпсіз пайдаланылуын және тұрмыстық қауіпсіздік талаптарының сақталуын тексерді.
Сонымен қатар тұрғындарға улы газдан уланудың алдын алу, өрт қауіпсіздігі ережелері және төтенше жағдай кезіндегі дұрыс әрекет ету тәртібі түсіндірілді. Профилактикалық жұмыстар аясында үйлерге улы газды анықтайтын арнайы датчиктер орнатылды.
Жамбыл облысы ТЖД