🥋 БҚО САМБОШЫЛАРЫ ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНАН ЖҮЛДЕМЕН ОРАЛДЫ!

🥋 БҚО САМБОШЫЛАРЫ ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНАН ЖҮЛДЕМЕН ОРАЛДЫ!


Кеше Кипрдің Лимассол қаласында самбо күресінен әлем чемпионаты өз мәресіне жетті.

Байрақты бәсекеде Батыс Қазақстан облысының намысын қорғаған балуандар жоғары нәтиже көрсетіп, ел қоржынына 6 медаль салды.

Жерлестеріміздің нәтижелері:

🥇 Қазболат – М-7 санаты, 64 келі салмақ дәрежесі;

🥈 Ержан Абатов – М-4 санаты, 88 келі салмақ дәрежесі;

🥉 Жасталап Шапиев – М-7 санаты, 64 келі салмақ дәрежесі;

🥉 Мәлік Төлегенов – М-4 санаты, 71 келі салмақ дәрежесі;

🥉 Болат  Маликов – М-3 санаты, 71 келі салмақ дәрежесі;

🥉 Мұрат Баубеков – М-1 санаты, 71 келі салмақ дәрежесі.

Осылайша, БҚО құрамасы әлем чемпионатын 1 алтын, 1 күміс және 4 қола медальмен қорытындылады.

Бұл – жерлестеріміздің табанды дайындығы мен қажырлы еңбегінің жемісі. Әлемдік додада ел намысын абыроймен қорғаған спортшыларымызды және олардың жаттықтырушыларын шын жүректен құттықтаймыз!

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/bko-sport/press/news/details/1334548?lang=kk