«Қызылжар ауданының білім бөлімі» КММ 2026 жылы 13 қараша күні республикалық «Шерхан Мұртаза оқулары» ғылыми-шығармашылық байқауының аудандық кезеңі ұйымдастырылды.
Байқауға жалпы білім беретін мектептердің 9–11 сынып оқушылары қатысты.
Байқаудың мақсаты – мектеп оқушылары арасында қазақтың халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың иегері Ш. Мұртазаның шығармаларын насихаттау, қайраткерлік тұлғасын өскелең ұрпаққа кеңінен мазмұндап, тәуелсіз ел руханиятындағы маңызын зерделеу, егемен еліміздің әдебиеті мен мәдениетіне үлес қосу.
Ережеге сәйкес байқау 3 номинация бойынша өтті:
1. «Жүрекке жол тапқан жұлдыз көпір» — шығармалары негізінде теориялық сұрақтарға жауап беру номинациясы;
2. «Зау тұлға» — өз шығармаларын жатқа оқу номинациясы;
3. «Шерхан Мұртаза мұрасы» — ғылыми жоба номинациясы.
Байқау қорытындысы бойынша І дәрежелі дипломын — 2 оқушы, ІІ дәрежелі дипломын — 2 оқушы, ІІІ дәрежелі дипломын — 1 оқушы иеленіп, терең білімі үшін грамоталармен марапатталды. Сондай-ақ, жеңімпаз оқушыларға облыстық кезеңде сәттілік тілейміз!