Түркияның Амасия қаласында тоғызқұмалақтан өтіп жатқан U-19 әлем чемпионатында Батыс Қазақстан облысының спортшысы Самира Оразмұханбет жоғары нәтиже көрсетті. Жерлесіміз классика және рапид бағдарламалары бойынша қарсыластарына дес бермей, екі алтын медальді жеңіп алды. Осылайша, Самира әлем чемпионы атағын екі мәрте иеленді! Батыс Қазақстан облысының спорт қауымдастығы атынан Самираны және оның бапкерлерін айтулы жеңісімен құттықтаймыз! Алдағы жарыстарда да толағай табыстарға жетіп, көк Туымызды биік белестерде желбірете беруіне тілектеспіз! Жарайсың, Самира! Екі дүркін әлем чемпионы атануың құтты болсын!
🏆САМИРА ОРАЗМҰХАНБЕТ – ӘЛЕМНІҢ ЕКІ ДҮРКІН ЧЕМПИОНЫ!
Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/bko-sport/press/news/details/1334543?lang=kk