САРЫАҒАШ ҚАЛАСЫНДА АУЫЗ СУ ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫН ЖАҢҒЫРТУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

САРЫАҒАШ ҚАЛАСЫНДА АУЫЗ СУ ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫН ЖАҢҒЫРТУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ



Сарыағаш ауданының әкімі Арман Абдуллаев Сарыағаш қаласындағы «Самал-3» шағын ауданын ауыз сумен қамтамасыз етуге бағытталған құрылыс жобасының жай-күйімен танысты.

Жұмыс барысында құрылыс-монтаж жұмыстарының орындалу қарқыны мен сапасы қаралып, жобаны белгіленген мерзімде аяқтауды тапсырды.

Қазіргі уақытта су тазарту қондырғысы орналасатын ғимаратқа су қондырғыларын орнату және іске қосуға дайындық жұмыстары жүруде. Сонымен қатар жалпы 150,0 шақырым ауыз су құбыры жүргізіліп, қашықтықтан су есептегіш қондырғысының көрсеткішін алуға модем орнату жұмыстары жүруде, су есептегіш қондырғылар толығымен орнатылған. Жобаның іске қосылуы «Самал-3» шағын ауданы тұрғындарын сапалы ауыз сумен тұрақты қамтамасыз етуге және елді мекеннің инженерлік инфрақұрылымын жақсартуға мүмкіндік береді.

Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-saryagash/press/news/details/1334541?lang=kk