«Таза Қазақстан»: Ақтау қаласына 240 көшет отырғызылды

«Таза Қазақстан»: Ақтау қаласына 240 көшет отырғызылды

Бүгін, 21 қараша күні Ақтау қаласының 35, 32В және 32Б шағынаудандарында көгалдандыру жұмыстары аясында 240 түп ағаш отырғызылды.

Жасыл аймақтарды қалыптастыру жұмыстары Мемлекет басшысының бастамасымен жүзеге асырылып жатқан «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы мен «Мейірім жәрмеңкесі» бағдарламасы аясында ұйымдастырылды.

Игі бастамаға Маңғыстау облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы, Маңғыстау облысы бойынша экология департаменті, жергілікті атқарушы орган және «Dunga Operating GmbH» компаниясы атсалысты.

Отырғызылған көшеттердің қатарында шаған, маклюра, софора және гледичия ағаштары бар.

Аталған бастама қаланың жасыл желек қорын молайтуға, тұрғындар үшін қолайлы қоғамдық кеңістіктер қалыптастыруға және қоршаған ортаны қорғауға бағытталған.

Ақтау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/akimat-goroda-aktau/press/news/details/1334534?lang=kk