ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ БАҒЫТЫНДА «АГРО ТУР» ШАРУА ҚОЖАЛЫҒЫНДА ЖАҢА ҚҰРЫЛҒЫ ОРНАТЫЛДЫ

ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ БАҒЫТЫНДА «АГРО ТУР» ШАРУА ҚОЖАЛЫҒЫНДА ЖАҢА ҚҰРЫЛҒЫ ОРНАТЫЛДЫ



Сарыағаш ауданында қоршаған ортаны қорғау, атмосфералық ауаның тазалығын сақтау және өндіріс орындарында экологиялық талаптарды сақтау бағытында жұмыстар жүргізілуде. Осы мақсатта аудан аумағында орналасқан «Агро Тур» шаруа қожалығы өндіріс барысында бөлінетін түтінді тазартуға арналған арнайы сүзгі құрылғысын орнатты.

Бүгін аудан әкімі Арман Абдуллаев шаруа қожалығына барып, орнатылған түтін тазартқыш сүзгі құрылғысының жұмысымен танысты. Кездесу барысында құрылғының жұмыс істеу барысы, қоршаған ортаға әсері және өндірісте қолданылуы жөнінде мәліметтер берілді.

Аталған сүзгі құрылғысы Қытай елінен жеткізіліп, өндіріс барысында бөлінетін түтін құрамындағы шаң-тозаң, күл және күйе бөлшектерін ұстап, атмосфераға таралатын зиянды шығарындыларды азайтуға бағытталған.

Қоршаған ортаның тазалығын сақтауға бағытталған мұндай бастамалар экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге және табиғатты қорғау ісіне үлес қосуға мүмкіндік береді.

Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-saryagash/press/news/details/1334526?lang=kk