Ағымдағы жылдың 20 қарашасында Департамент басшысы Гүлнар Темірболатқызы Таласбаева және Департаменттің бас маманы Күлзағира Бикенқызы Нұртаева мектепке дейінгі білім беру ұйымдарын алдағы уақытта лицензиялау мәселелеріне арналған семинар өткізді.
Семинар жұмысына Петропавл қаласы білім бөлімінің өкілдері, мектепалды даярлық сыныптары бар орта білім беру ұйымдарының басшылары мен директордың орынбасарлары қатысты.
Іс-шара барысында қатысушыларға мектепке дейінгі білім беру саласын реттейтін нормативтік-құқықтық актілердің ережелері түсіндіріліп, өзекті сұрақтарға жауаптар берілді.
Мамандар лицензиялау рәсімінен өту тәртібі мен мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын ұйымдарға қойылатын біліктілік талаптарын талқылады, сондай-ақ семинарға қатысушыларға нақты ұсынымдар берілді.