«ҮАК автожолы бойындағы 10 кВ жоғары вольтты электр желісі өтетін жол бойындағы санитарлық ағаш кесу жұмыстары жүргізілді. Электр сымдарына кедергі келтіретін ағаш бұтақтары кесілді.
Жұмыстың мақсаты – электр желісінің қалыпты жұмыс істеуін және автожол бойындағы көше жарықтандыру жүйесінің сапалы жұмыс істеуін қамтамасыз ету».