БАЙҚОҢЫР АУДАНЫНДА РЕНОВАЦИЯ БАҒДАРЛАМАСЫ АЯСЫНДА КЕЗЕКТІ ТҰРҒЫН ҮЙДІҢ КІЛТТЕРІ ТАБЫСТАЛДЫ

БАЙҚОҢЫР АУДАНЫНДА РЕНОВАЦИЯ БАҒДАРЛАМАСЫ АЯСЫНДА КЕЗЕКТІ ТҰРҒЫН ҮЙДІҢ КІЛТТЕРІ ТАБЫСТАЛДЫ

Елордалық Байқоңыр ауданында реновация бағдарламасы аясында салынған кезекті тұрғын үй кешенінің кілттері жаңа пәтер иелеріне салтанатты түрде табысталды.

Бұл жолы Тараз көшесі, 8 мекенжайында орналасқан «Дәрмен-2» тұрғын үй кешенінің тұрғындары баспаналы болды. Тұрғын үй кешенінің құрылысын BI Group компаниясы жүзеге асырды.

Жаңа баспана тұрғындардың тұрмыс сапасын жақсартуға, ескі тұрғын үй қорын жаңартуға және ауданның сәулеттік келбетін жаңғыртуға бағытталған реновация бағдарламасының кезекті нәтижесі болып табылады.

Айта кетейік, биыл шілде айында Байқоңыр ауданында осы бағдарлама аясында алғашқы «Дәрмен-1» тұрғын үй кешенінің кілттері табысталған болатын. Бүгін аталған жобаның жалғасы ретінде «Дәрмен-2» тұрғын үй кешені пайдалануға беріліп, кезекті тұрғындар жаңа баспанаға ие болды.

📌Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына арнаған Жолдауында 2027 жылды «Жалпыхалықтық ауқымды құрылыс жылы» деп жариялауды ұсынды. Осы бастама аясында ел көлемінде тұрғын үй құрылысын дамыту, ескі тұрғын үй қорын жаңарту және инфрақұрылымды жаңғырту бағытындағы жұмыстар кезең-кезеңімен жалғасын табады.

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/astana-baikonyr/press/news/details/1334516?lang=kk