АУДАН ӘКІМІ ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАУ ӨТКІЗДІ

АУДАН ӘКІМІ ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАУ ӨТКІЗДІ

Меркі ауданының әкімі Ербол Жиенқұлов тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдады.

Қабылдауға келген азаматтар жұмысқа орналасу, тұрғын үймен қамтамасыз ету, денсаулық сақтау, жер учаскесінің шекарасын анықтау, ауылдық елді мекендерге инфрақұрылым тарту, мектептегі қосымша сағат бөлу және ауылға арка орнату мәселелерін көтерді.

Аудан әкімі әр мәселені мұқият тыңдап, жауапты бөлімдер мен тиісті мекеме басшыларына өтініштерді заң талаптарына сәйкес қарауды және көтерілген мәселелер бойынша нақты жауап беруді тапсырды. Кейбір мәселелер бойынша тұрғындарға қолданыстағы тәртіп пен алдағы уақытта атқарылатын жұмыстар түсіндірілді.

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-merke/press/news/details/1334514?lang=kk