«Қыс-2026» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы аясында арнайы тактикалық оқу-жаттығу өткізілді

«Қыс-2026» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы аясында арнайы тактикалық оқу-жаттығу өткізілді

№148 мекенжайда орналасқан аудандық орталық аурухананың жылу тарату қазандығында «Қыс-2026» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы аясында арнайы тактикалық оқу-жаттығу өткізілді.

Оқу-жаттығуға Меркі ауданы әкімінің орынбасары Ғазиз Доғдырбайұлы қатысып, аудандық шұғыл әрекет ету жасақтарының қысқы кезеңдегі төтенше жағдайларға дайындығын тексерді.

Жаттығу барысында қатты аяз салдарынан аурухананың жылу жүйесі құбырлары жарылған жағдайда тиісті мекемелер мен қызметтердің бірлескен іс-қимылдары пысықталды. Атап айтқанда, азаматтық қорғау күштері мен құралдарының дайындығы, жедел әрекет ету, авариялық-қалпына келтіру жұмыстарын ұйымдастыру шаралары жүзеге асырылды.

Оқу-жаттығуға ауданның төтенше жағдайлар бөлімі, полиция, өрт сөндіру қызметі, медицина ұйымы, коммуналдық мекемелер және басқа да жауапты қызметтерден барлығы 31 техника мен 64 адам жұмылдырылды.

Нәтижесінде арнайы тактикалық оқу-жаттығу жоспарға сәйкес өткізіліп, авариялық жағдайды жою және жылу жүйесін қалпына келтіру жұмыстары толық орындалды.

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-merke/press/news/details/1334511?lang=kk