18 қарашада облыс әкімінің орынбасары Бақытжан Байахметовтің төрағалығымен Өңірлік инвестициялық штабтың отырысы өтті.
Отырыста жалпы құны 198,4 млрд теңгені құрайтын бірқатар инвестициялық бастамалар қаралды. Ұсынылған жобалардың қатарында балық өнімдерін қайта өңдеу нысанын салу, автобус паркі мен қалалық жолаушылар көлігін жаңғырту, сондай-ақ шағын гидроэнергетиканы дамыту жобалары бар.
Талқылау барысында жоба бастамашылары өз ұсыныстарын таныстырса, мемлекеттік органдардың өкілдері одан әрі пысықтауды қажет ететін мәселелерді атап өтті. Ұлттық цифрлық инвестициялық платформаға енгізу үшін жобаларды іріктеу өлшемшарттарына және жауапты ведомстволар арасындағы өзара іс-қимылды жетілдіруге ерекше назар аударылды.
Отырыс қорытындысы бойынша қаралған бастамаларды сүйемелдеу жөніндегі одан әрі шаралар айқындалды.
Штаб жұмысы инвесторлар үшін қолайлы жағдай жасауға, туындайтын мәселелерді шешуге және облыс аумағында инвестициялық жобалардың жүйелі түрде іске асырылуын қамтамасыз етуге бағытталған.
Шығыс Қазақстан облысында экономиканың түрлі салаларына инвестиция тарту және жаңа жобаларды іске қосу бойынша жұмыстар жалғасуда.
Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/tourism-vko/press/news/details/1334509?lang=kk