Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің бастамасымен сервистік және клиентке бағдарланған мемлекеттік аппаратты қалыптастыруға бағытталған қадамдық жоспар аясында «Қызмет алушылар күні» іс-шарасы өткізілді.
Аталған шараға Сауран ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің қызметкерлері қатысты.
Іс-шара барысында тұрғындарға тұрғын үй мәселелеріне қатысты мемлекеттік қызметтерді алу тәртібі түсіндіріліп, салаға байланысты мәселелер бойынша кеңес берілді.
Бұл бағыттағы кездесулер мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыруға, азаматтармен кері байланысты нығайтуға және халықтың мемлекеттік органдар жұмысына деген сенімін қалыптастыруға бағытталған.
©️Сауран ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі