«Елдік жолы: ұлттық тарих және Алаш зиялыларының мұрасы» тақырыбында мотивациялық кездесу өтті

«Елдік жолы: ұлттық тарих және Алаш зиялыларының мұрасы» тақырыбында мотивациялық кездесу өтті

Кездесуді Абай облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары Ербол Алшынбай ашты. Ол өз сөзінде Абай облысының әкімі Берік Уәлидің бастамасымен Қазақстан Тәуелсіздігінің 35 жылдығы мен Республика күніне орай «Мирас» сериясы бойынша кітап жинағы жарық көргенін атап өтті. Жинаққа ХХ ғасырдың басындағы қазақ ағартушылары мен Алаш қайраткерлерінің балаларға арналған оқулықтары, танымдық еңбектері мен аудармалары енген. Кездесуде тарих ғылымдарының кандидаты, Шәкәрім университетінің профессоры Амантай Исаұлы Исин ұлттық тарих туралы ой бөлісті. «Алаш арыстары – Мұхтар Әуезов» музейінің меңгерушісі Қуат Қиықбай «Абай және Алаш идеясы» тақырыбында баяндама жасап, Абай мұрасы мен Алаш зиялыларының идеялары арасындағы сабақтастыққа тоқталды. Филология ғылымдарының кандидаты, PhD, аударма ісі магистрі, халықаралық білім саласындағы көшбасшылық және саясат бойынша магистр Гүлшат Бақытжанқызы Түсіпова «Алаш кезеңіндегі аударма. Шетел әдебиетінің қазақ тіліндегі имиджі» тақырыбында баяндама жасады. Ол Алаш кезеңіндегі аударма ісі мен шетел әдебиетінің қазақ оқырманына ұсынылуы туралы сөз қозғады. Кездесу сұрақ-жауаппен қорытындыланып, қатысушылар спикерлермен ұлттық тарих пен Алаш зиялыларының мұрасы жөнінде пікір алмасты.

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-zhastar-basqarmasy/press/news/details/1333522?lang=kk