Қарағандылық TikTok-блогер балағат сөздері үшін 5 тәулікке қамалды

Қарағандылық TikTok-блогер балағат сөздері үшін 5 тәулікке қамалды

Қарағандылық TikTok-блогер балағат сөздері үшін 5 тәулікке қамалды. Қарағандыда әлеуметтік желіде тікелей эфир кезінде бейәдеп сөздер айтып, қоғамдық тәртіпті бұзған танымал блогер әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Құқық бұзушылықты Ә. Бөкейхан атындағы полиция бөлімінің учаскелік инспекторлары анықтаған. Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, 33 жастағы қала тұрғыны Аслан Чергизов TikTok желісіндегі тікелей эфирлер барысында дөрекі әрі былапыт сөздер қолданған. Осы әрекеті арқылы ол айналасындағыларға құрметсіздік танытып, қоғамдық тәртіп пен әдеп нормаларын елемеген. Сот отырысында азамат өз кінәсін толық мойындап, жасаған ісіне өкінетінін жеткізді. Сот оның шын жүректен өкінуін жеңілдететін мән-жай ретінде ескеріп, 5 тәулікке әкімшілік қамаққа алу туралы шешім шығарды.

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-karaganda/press/news/details/1333517?lang=kk