Жас ғалымдар қауымдастығының кезекті отырысы өтті

Жас ғалымдар қауымдастығының кезекті отырысы өтті

Абай облысының жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының тапсырысы бойынша іске асырылып жатқан, жастардың зияткерлік және жеке әлеуетін дамытуға бағытталған «Адал азамат – озық ойлы ұлт» жобасы аясында Жас ғалымдар қауымдастығының қорытынды отырысы өтті Отырысқа Астана қаласынан арнайы шақырылған «Болашақ» халықаралық стипендиясының иегері, филология ғылымдарының кандидаты, PhD, халықаралық білім саласындағы көшбасшылық және саясат бойынша магистр Гүлшат Бақытжанқызы Түсіпова «Ғылыми зерттеулерде жасанды интеллектіні қолдану: құралдар, әдістер және этикалық қағидаттар» тақырыбында сараптамалық дәріс өткізді. Дәріс барысында ғылыми зерттеудің әр кезеңінде жасанды интеллект құралдарын пайдалану тәсілдері қарастырылды. Спикер жасанды интеллект ұсынған ақпаратты тексерудің, дереккөздерді дұрыс көрсетудің және академиялық адалдық талаптарын сақтаудың маңызын атап өтті. Сондай-ақ отырыста «Жас ғалымдар шеберханасы» жобасының қорытындысы таныстырылып, жоба аясында атқарылған жұмыстар мен қол жеткізілген нәтижелер туралы ақпарат берілді.

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-zhastar-basqarmasy/press/news/details/1333511?lang=kk