«Мәслихат сайлауы және жастардың азаматтық белсенділігі» тақырыбында кездесу өтті

«Мәслихат сайлауы және жастардың азаматтық белсенділігі» тақырыбында кездесу өтті

Кездесуге Абай облысының аумақтық сайлау комиссиясының мүшесі Гүлжан Жаксыбаевна Қуанышева қатысып, жастарға сайлау тәртібі мен дауыс беру рәсімдері бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Абай облысының жас сайлаушылар клубының төрағасы Ерсінбек Өрлеубек сайлау мәдениеті мен жастардың азаматтық белсенділігінің маңызын атап өтті. Дауыс беру құқығына ие азаматтарды 29 қарашада өтетін сайлауға белсенді қатысуға шақырамыз!

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-zhastar-basqarmasy/press/news/details/1333493?lang=kk