20 ТҰРҒЫН. 20 ӨТІНІШ

20 ТҰРҒЫН. 20 ӨТІНІШ

17 қараша күні Жетісу ауданының әкімі тұрғындардың кезекті жеке қабылдауын өткізді.

Қабылдау барысында тұрғындар тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, абаттандыру, жарықтандыру, тұрғын үйлерді күтіп ұстау және әлеуметтік көмек көрсету мәселелерін көтерді.

Әрбір өтініш жауапты мамандардың қатысуымен қаралды. Қосымша зерделеуді қажет ететін мәселелер аудан әкімінің бақылауында.

📞 Жеке қабылдауға жазылу үшін: 384-27-63.

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty-zhetysu/press/news/details/1333480?lang=kk