Қызылорда облыстық тарихи-өлкетану музейінде ұлттық қолөнерді жаңғыртуға және дәстүрлі кілем тоқу өнерін дәріптеуге бағытталған «Түкті кілем» шеберлер мектебінің қорытынды іс-шарасы өтті.

Қызылорда облыстық тарихи-өлкетану музейінде ұлттық қолөнерді жаңғыртуға және дәстүрлі кілем тоқу өнерін дәріптеуге бағытталған «Түкті кілем» шеберлер мектебінің қорытынды іс-шарасы өтті.

2025 жылдың қараша айында ЮНЕСКО-ның материалдық емес мәдени мұраны қорғау жөніндегі 2003 жылғы конвенциясын жүзеге асыру аясында елімізде алғаш рет қолға алынған жоба ұлттық өнердің сабақтастығын сақтауға бағытталды.

Бір жылға жуық уақыт ішінде Қызылорда қаласындағы мектептердің 14 көркем еңбек пәні мұғалімі түкті кілем тоқудың дәстүрлі әдіс-тәсілдерін меңгеріп, кәсіби біліктіліктерін арттырды.

Қорытынды шарада облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы басшысының орынбасары Ғалымжан Күлбаев қатысушыларды құттықтап, ұлттық мұраны сақтаудың маңыздылығына тоқталды. Оқу бағдарламасын сәтті аяқтаған 14 қатысушыға басқарма басшысының атынан сертификаттар табысталды.

Сондай-ақ шеберлер мектебіне жетекшілік еткен Қазақстан Қолөнершілер одағының мүшесі, белгілі қолөнер шебері Қарлығаш Ильясоваға алғыс білдірілді.

«Түкті кілем» шеберлер мектебі – ұлттық қолөнерді жаңғыртып қана қоймай, ата-бабадан қалған асыл мұраны жас ұрпаққа жеткізуге жол ашқан маңызды мәдени жоба.

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-cultura-arhiv/press/news/details/1333477?lang=kk