Көкшетау қаласының прокуратурасы бос жұмыс орындары жәрмеңкесіне қатысты

Көкшетау қаласының прокуратурасы «Көкшетау қаласының Мансап орталығы» филиалымен бірлесіп, халықтың әлеуметтік осал санаттарын жұмыспен қамтуға жәрдемдесуге бағытталған бос жұмыс орындары жәрмеңкесі аясында іс-шара өткізді.

Іс-шараға пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар, қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінен босатылған азаматтар, сондай-ақ алимент төлеушілер қатысты.

Жәрмеңке барысында қатысушыларға қолда бар бос жұмыс орындары ұсынылып, жұмысқа орналасу мәселелері бойынша консультациялық көмек көрсетілді, жұмыс берушілермен өзара іс-қимыл жасау және қажетті құжаттарды рәсімдеу тәртібі түсіндірілді.

Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар мен бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған азаматтардың еңбекке бейімделуіне ерекше назар аударылды. Себебі оларды жұмыспен қамту қайталама құқық бұзушылықтардың алдын алудың және олардың қоғамға табысты бейімделуінің маңызды факторларының бірі болып табылады.

Жұмысқа орналасу – заңға бағынатын өмір мен әлеуметтік тұрақтылыққа бастайтын маңызды қадам!

Ақмола облысының прокуратурасы

 

 

 

 

 

 

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-akm-obl/press/news/details/1333461?lang=kk