Бірінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға жеке көмекші қызметін көрсету туралы

Бірінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға жеке көмекші қызметін көрсету туралы

Жеке көмекші – жүріп-тұруы қиындық туғызатын бірінші топтағы мүгедектігі бар адамға еріп жүру және объектілерге барған кезде көмек көрсету қызметтерін ұсынатын тұлға.

Жеке көмекші қызметтері жеке оңалту және абилитациялау бағдарламасына (ЖОӘБ) сәйкес, өтініш негізінде мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен көрсетіледі.

Медициналық ұйымда стационарлық ем қабылдау, оңалту орталығында, санаторийлік-курорттық ұйымда болу, сондай-ақ толық мемлекеттік қамсыздандыруда болу кезеңінде жеке көмекші қызметтерін көрсету тоқтатыла тұрады.

Өтініш мынадай тәсілдер арқылы беріледі:

1.     «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы;

2.     Жергілікті атқарушы органдар арқылы;

3.     «Электрондық үкімет» веб-порталы арқылы;

4.     Ұялы байланыстың абоненттік құрылғысы арқылы.

Өтініш қабылданған кезде өтініш берушінің ЖСН-і бойынша мемлекеттік органдардың цифрлық жүйелеріне мынадай мәліметтерді алу үшін сұрау салулар қалыптастырылады:

1.     Жеке басын куәландыратын құжат туралы немесе цифрлық құжаттар сервисінен алынған электрондық құжат туралы мәліметтер (сәйкестендіру үшін);

2.     Мүгедектіктің белгіленгені туралы мәліметтер;

3.     Жеке оңалту және абилитациялау бағдарламасында (ЖОӘБ) көзделген іс-шаралар туралы мәліметтер.

Жеке көмекші бола алмайтын тұлғалар:

1.     Психикалық денсаулық саласында медициналық көмек көрсететін мамандандырылған ұйымдарда есепте тұрған;

2.     Медициналық қорытынды негізінде денсаулық жағдайына байланысты қызмет көрсетуге қарсы көрсетілімдері бар;

3.     Он сегіз жасқа толмаған;

4.     Жұмыспен қамтудың белсенді шаралары шеңберінде кәсіптік оқудан өтпеген;

5.     Зейнеткерлік жасқа жеткен, қызмет алушының жақын туыстарын қоспағанда;

6.     Заңда белгіленген тәртіппен жойылмаған немесе алынбаған соттылығы бар;

7.     Сот шешімімен әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі деп танылған тұлғалар.

Жүріп-тұруы қиындық туғызатын бірінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға жеке көмекші қызметі мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен көрсетіледі және осы қызметке мұқтаж азаматтардың күнделікті өмірін едәуір жеңілдетеді.

 

Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті.

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek-sko/press/news/details/1333459?lang=kk