СТУДЕНТТІК ӨЗІН-ӨЗІ БАСҚАРУ: ТИІМДІ ЖҰМЫС ЖӘНЕ ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕР

СТУДЕНТТІК ӨЗІН-ӨЗІ БАСҚАРУ: ТИІМДІ ЖҰМЫС ЖӘНЕ ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕР

Абай облысының жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының тапсырысы аясында жүзеге асырылып жатқан «Адал азамат – озық ойлы ұлт» жастардың зияткерлік және жеке әлеуетін дамыту жобасы шеңберінде техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының студенттік өзін-өзі басқару құрылымдарының өкілдерімен кездесу өтті. Кездесуге басқарма басшысы Олжас Түсіпбекұлы Бейсенбаев қатысып, студенттермен алдағы жұмыс жоспарларын, жастар бастамаларын қолдау және бірлескен іс-шараларды ұйымдастыру мәселелерін талқылады. Ол белсенді жастарды ортақ мақсат жолында күш біріктіріп, колледждердің қоғамдық өміріне белсене атсалысуға шақырды. Басқосуда студенттік ұйымдардың жұмысын жетілдіру, колледждер арасындағы байланысты нығайту және тәжірибе алмасу мүмкіндіктері қарастырылды. Қатысушылар өз ұсыныстарын білдіріп, бірлесіп жүзеге асыруға болатын бастамалар жөнінде пікір алмасты.

Кездесу барысында жастарға Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті қоғамға – шыншыл сөз» кітабы таныстырылып, сыйға тартылды. Қоғам дамуы, ел болашағы және азаматтық жауапкершілік туралы ойлар тоғысқан бұл еңбек жастарды өз ұстанымын қалыптастыруға, айналасындағы өзгерістерге саналы көзқараспен қарауға үндейді. Бір кітапқа жинақталған пайымдар жас оқырманға ой салып, білімге ұмтылуға, адал еңбек етуге және ел дамуына қосар үлесі туралы толғануға түрткі болады. Кітап табыстаудағы мақсат - жастардың кітап оқуға қызығушылығын арттырып, мазмұнды пікір алмасуға жол ашу.

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-zhastar-basqarmasy/press/news/details/1333457?lang=kk