Жамбыл облысында ғылым мен білім саласын дамыту, отандық гуманитарлық ғылымның әлеуетін арттыру бағытында ғылыми ізденістер жалғасуда. Соның бір дәлелі – М.Х. Дулати атындағы Тараз университеті Әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар жоғары мектебінің «Қазақ тілі мен әдебиеті» кафедрасының қауымдастырылған профессоры міндетін атқарушы Жақып Бейсенұлының «Қазақ және өзбек әдебиетіндегі әдеби-рухани ықпалдастық» атты монографиясының жарық көруі.
Жаңа ғылыми еңбек қазақ және өзбек халықтарының ғасырлар бойы қалыптасқан әдеби-мәдени байланыстарын, рухани жақындығын және ортақ өркениеттік құндылықтарын зерттеуге арналған.