2026 жылғы 19 қарашада Ақмола облысы бойынша Тексеру комиссиясында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік істер агенттігі Төрағасының 2026 жылғы 19 қаңтардағы № 8 бұйрығымен бекітілген Әдеп жөніндегі уәкілдердің 2026 жылға арналған үлгілік жұмыс жоспарының 2.5-тармағын іске асыру аясында семинар-кеңес өтті.
Іс-шараға Тексеру комиссиясының басшылығы мен қызметкерлері қатысты. Шақырылған спикер ретінде Ақмола облысы Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының аға жедел уәкілі, полиция подполковнигі Курсанова Разия Талғатқызы сөз сөйледі.
Түсіндіру жұмысының негізгі тақырыбы қоғамдық орындарда алкогольдік, есірткілік немесе уытқұмарлық масаң күйде көрінуге, сондай-ақ есірткі құралдары мен психотроптық заттарды медициналық емес мақсатта тұтынуға жол бермеуге бағытталған профилактикалық жұмыстарды жүргізу болды.
Семинар-кеңес қорытындысы бойынша пікір алмасу өтті. Қатысушылар қойылған барлық сұраққа толыққанды жауап алды.