🏫 Лермонтов атындағы орта мектепте оқушылар арасында зорлық-зомбылықтың, буллинг пен құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында профилактикалық кездесу өткізілді.
👮♂️ Кездесуге мектеп инспекторы Әбдібеков А.Н. және кәмелетке толмағандар істері жөніндегі инспектор Аманбаев Р.К. қатысты.
💬 Кездесу барысында зорлық-зомбылықтың түрлері мен салдары, оқушылардың құқықтары мен міндеттері, заң алдындағы жауапкершілік және қауіпсіз мінез-құлық мәселелері түсіндірілді. Сонымен қатар оқушыларға кез келген келеңсіз жағдайға бейжай қарамай, дер кезінде көмек сұраудың маңыздылығы айтылды.
💙 Зорлық-зомбылыққа қарсымыз! Қауіпсіз орта – жарқын болашақ кепілі!