Аудан әкімі Серік Нсанбаев жұмыс жоспарына сәйкес Есбол ауылының тұрғындарымен кездесіп, елді мекеннің әлеуметтік-экономикалық дамуы, атқарылған жұмыстар мен алдағы жоспарлар туралы баяндады.
Кездесу барысында аудан басшысы осыған дейінгі ауыл тұрғындарымен кездесулерде көтерілген мәселелердің орындалу барысына тоқталып, шешімін тапқан жұмыстар жөнінде ақпарат берді.
Жиында ауыл тұрғындары «Қазпошта» ғимаратын жөндеу, өрт сөндіру бөлімінің жұмысын ұйымдастыру, ауылдың санитарлық тазалығы, такси қызметінің қолжетімділігі, қоғамдық тәртіпті сақтау және жолдардың жай-күйіне мәселесін көтерді.
Аудан әкімі көтерілген мәселелерді тыңдап, олардың шешілу жолдары бойынша жауапты сала басшыларына тиісті тапсырмалар берді.
Сонымен қатар тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдап, өтініш-тілектерін тыңдады.
Индер ауданы әкімінің баспасөз қызметі