2026 жылдың 18 қарашасында Ақмола облысы бойынша Тексеру комиссиясында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігінің Төрағасының 2026 жылғы 19 қаңтардағы №8 бұйрығымен бекітілген 2026 жылға арналған этика уәкілеттілерінің жұмысының Үлгілік жоспарының 1.1 тармағын іске асыру аясында өткізілген семинар-кеңес өтті.
Іс-шараға Тексеру комиссиясының басшылығы мен қызметкерлері қатысты. Шақырылған спикер ретінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігінің Ақмола облысы бойынша Департаментінің Мемлекеттік қызмет басқармасының басшысы Сейтмағамбетова Ж.Т. сөз сөйледі.
Түсіндірулердің негізгі тақырыбы мемлекеттік қызметшілерді байқау өткізбей бос және уақытша бос лауазымдарға ауыстыру тәртібін реттейтін мемлекеттік қызмет туралы заңнаманың өзекті ережелері болды.
Семинар-кеңестің қорытындысы бойынша пікір алмасу өтті. Қатысушылар қойылған барлық сұрақтар бойынша толыққанды жауап алды.