Ескелді ауылдық округіндегі Лермонтов атындағы орта мектепте әрбір адам нені білуі керек?» тақырыбында ақпараттық сағат өткізілді

Ескелді ауылдық округіндегі Лермонтов атындағы орта мектепте әрбір адам нені білуі керек?» тақырыбында ақпараттық сағат өткізілді

 

🏫 Лермонтов атындағы орта мектепте мектеп медбикесі Хасан-Оглы Г.Я. қатысуымен оқушылардың АИТВ инфекциясы мен ЖИТС туралы ақпараттану деңгейін арттыру мақсатында ақпараттық сағат өткізілді.

🩺 Кездесу барысында оқушыларға АИТВ инфекциясының таралу жолдары, оның алдын алу шаралары, жеке қауіпсіздік және салауатты өмір салтын ұстанудың маңыздылығы түсіндірілді.

💬 Оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарына жауап алып, денсаулықты сақтау туралы маңызды ақпараттармен танысты.

🌿 Ақпараттану — өз денсаулығыңды қорғаудың алғашқы қадамы!

 

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-karatal-eskeldi/press/news/details/1333396?lang=kk