Ақмола облысы бойынша Тексеру комиссиясында семинар-кеңес өтті

        2026 жылғы 18 қарашада Ақмола облысы бойынша Тексеру комиссиясында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік істер агенттігі Төрағасының 2026 жылғы 19 қаңтардағы № 8 бұйрығымен бекітілген Әдеп жөніндегі уәкілдердің 2026 жылға арналған үлгілік жұмыс жоспарының 2.5-тармағын іске асыру аясында семинар-кеңес өтті.

        Іс-шараға Тексеру комиссиясының басшылығы мен қызметкерлері қатысты. Шақырылған спикер ретінде Ақмола облысы Полиция департаменті Қоғамдық қауіпсіздік басқармасы Отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес бөлімінің аға инспекторы, полиция майоры Жолмағанбетова Мнуара Еркенқызы сөз сөйледі.

        Түсіндіру жұмысының негізгі тақырыбы мемлекеттік органдарда әйелдерге қатысты кемсітушілік пен қысым көрсетуге жол бермеуге бағытталған профилактикалық жұмыстарды жүргізу болды.

        Семинар-кеңес қорытындысы бойынша пікір алмасу өтті. Қатысушылар қойылған барлық сұраққа толыққанды жауап алды.

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/akmol-revkom/press/news/details/1333388?lang=kk